23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күні!

23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күні!

2002 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясында 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы қабылданды және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді бұл күнді әр елде белгілеуді шақырды.

2013 жылы Қазақстандағы тұңғыш Президенттің Жарлығымен бұл күн мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді.

Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде жүзеге асырылатын, өз өкілдеріне мемлекеттік басқаруды іске асыруға және республикамыздың өркендеуіне жауапкершілік беретін кәсіби қызметтің ерекше түрі.

Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерге денсаулық, амандық, жемісті еңбек және ертеңгі күнге деген сенімділік тілейміз!