
«Бекітемін»
Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Басшысы
___________________Манзоров С.Б.
« »________________2025 жыл
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша
Ақтау қаласы 2025 жыл « »
Кіріспе бөлімі
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы 2025 жылғы 3 сәуірдегі №154 бұйрыққа сәйкес, 2025 жылғы 7 сәуірде Департаменттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға жауапты жұмыс тобы құрылды.Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындау себептері мен жағдайларын анықтау және азайту белгіленген.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүргізіледі. Бұл заң сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін факторларды анықтауға және зерделеуге бағытталған.Заң талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізуге міндетті. Оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданады.Мақсат – мемлекеттік органдарда ішкі талдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша бақылауды күшейту, құқықбұзушылықтарды болдырмауға бағытталған ұсыныстарды енгізу, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау.Осы мақсатта, 2023 жылғы 16 қаңтарда бекітілген №21 Агенттік төрағасының бұйрығына және басқа да әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ішкі талдау жүргізілді.Жұмыс тобының құрамында:Бокаева Галия – Департаменттің заң басқармасының басшысы,Құдайберген Райхан – Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы,Утегенов Ертуган Кенесович- аудит басқармасының басшысы,Джақанқызы Мадина- өндірістік емес жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы,Сейлов Магжан- камералдық мониторинг басқармасының басшысы, ,Смирнов А.-жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы,Мырзалиев А-берешекпен жұмыс басқарма басшысы Оспанов С.- пост кедендік бақылау басқармасының басшысы,Омаров Б.,-дәрменсіз борышкелермен жұмыс басқармасы,Шамуратов С-кедендік әкішілендіру басқармасы басшысы, Салиев Нурберген- тарифтік реттеу басқармасының басшысы.
Сыртқы және ішкі факторлар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы маусымға дейін.
Сипаттамалық бөлім
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережесі және өзге де нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынды.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың» 23-тармағы бойынша келесі бағыттарды қамтиды:
Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелі «талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі» атты 23-тармақ шеңберіндегі «бақылау-ревизиялық функциялар»,(салықтарды жинау)және «ақпараттық жүйелермен жұмыс» бағыттарына жатады.
Тәуекел сипаттамасы: Салық заңнамасын қолдану, есепке алу және салық есептеудің қолмен орындалатын тетіктерін пайдалану ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады,нақты айтқанда таңдамалы тәсіл – көлік құралдарының тізілімдері, мәліметтер базалары нақты тұлғаларға бағытталуы мүмкін.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:салық базасын қалыптастыру кезінде ақпаратты қолмен енгізуді мүлде болдырмау,яғни Салықтық үдерістер шеңберінде қолмен мәліметтер енгізу тетігін жою арқылы сыбайлас жемқорлықты жою. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету процесінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде ұсыныстарын енгізу сонымен қатар қызмет көрсету кезінде тұлғалық байланысты болдырмау өте маңызды себебі бұл құжат айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысын болдырмау да жатады. Аяқталу нысаны: 2025 жылғы 23 маусымдағы №ПР-755482 Мемлекеттік Кірістер Комитетінің хатына сәйкес, бұл ұсыныс көзделген, және бұл толықтыру Smart Data Finance, «СӘАЖ» сияқты бағдарламалар арқылы жүзеге асырылып, жетілдіріледі. Комитеттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша, қолмен жасалатын өткізбелерге қатысты процестерді автоматтандыру арқылы оларды болдырмауға бағытталған іс-шара енгізілген. Сонымен қатар, бұл шаралар салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға және ашықтық деңгейін жоғарылатуға ықпал етеді. Осы процестерді цифрландыру адами факторды азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде төмендетуге мүмкіндік береді.