Аналитикалық анықтама

Аналитикалық анықтама

                                                                              «Бекітемін»   

                                                                               Маңғыстау облысы бойынша     

                                                                               Мемлекеттік кірістер департаментінің     

                                                                               Басшысы

                                                                                     ___________________Манзоров С.Б.

                                                                                                                                    

                                                                                     «     »________________2025 жыл      

                                                                                       

 

                                                                                           

                                   АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша

 

Ақтау қаласы                                                                              2025 жыл «    »

 

  1. Кіріспе бөлімі

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы 2025 жылғы 3 сәуірдегі №154 бұйрыққа сәйкес, 2025 жылғы 7 сәуірде Департаменттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға жауапты жұмыс тобы құрылды.Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде негізгі буын ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындау себептері мен жағдайларын анықтау және азайту белгіленген.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүргізіледі. Бұл заң сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін факторларды анықтауға және зерделеуге бағытталған.Заң талаптарына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізуге міндетті. Оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданады.Мақсат – мемлекеттік органдарда ішкі талдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша бақылауды күшейту, құқықбұзушылықтарды болдырмауға бағытталған ұсыныстарды енгізу, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау.Осы мақсатта, 2023 жылғы 16 қаңтарда бекітілген №21 Агенттік төрағасының бұйрығына және басқа да әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ішкі талдау жүргізілді.Жұмыс тобының құрамында:Бокаева Галия – Департаменттің заң басқармасының басшысы,Құдайберген Райхан – Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы,Утегенов Ертуган Кенесович- аудит басқармасының басшысы,Джақанқызы Мадина- өндірістік емес жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы,Сейлов Магжан- камералдық мониторинг басқармасының басшысы, ,Смирнов А.-жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы,Мырзалиев А-берешекпен жұмыс басқарма басшысы Оспанов С.- пост кедендік бақылау басқармасының басшысы,Омаров Б.,-дәрменсіз борышкелермен жұмыс  басқармасы,Шамуратов С-кедендік әкішілендіру басқармасы басшысы, Салиев Нурберген- тарифтік реттеу басқармасының басшысы.

Сыртқы және ішкі факторлар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы маусымға дейін.

 

                                             

 

  1. Сипаттамалық бөлім

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережесі және өзге де нормативтік құқықтық актілер басшылыққа алынды.

1.Тәуекел сипаттамасы:Департаменттің Өндірістік емес төлемдер, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасымен жұмыс тобы  көлік салығын және өзге де салықтарды төлеу кезінде салық сомаларын әдейі кем есептеу арқылы салық төлеушілерге жеңілдік жасау жағдайлары орын алуы мүмкін екенін баяндады. Бұл ретте салық органдарының лауазымды тұлғалары дербес шоттарға заңсыз түзетулер енгізу арқылы салық сомасын негізсіз азайтып, бюджетке түсетін түсімдерді төмендетуі ықтимал.Мұндай әрекеттер сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырып, бірқатар құқық бұзушылықтарға, соның ішінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануға және материалдық пайда табуға бағытталған іс-әрекеттерге әкелу қауіпі бар. Бұл тәуекелдер салық төлеуші мен уәкілетті орган өкілінің арасындағы тікелей байланыс кезінде пайда болуы ықтимал. Атап айтқанда, кейбір тұлғалар салық мөлшерін азайту, төлем мерзімін кейінге шегеру немесе басқа да артықшылықтарға заңсыз жолмен қол жеткізу мақсатында жемқорлық әрекеттерге бара алады.Мұндай жағдайлар мемлекеттік органның ашықтығы мен әділдігіне күмән тудырып, азаматтардың мемлекеттік жүйеге деген сеніміне кері әсер етеді. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік бюджеттің толық орындалуына кедергі келтіріп, жалпы әлеуметтік әділеттілік қағидатына қайшы болады.Аталған тәуекелдерді жою үшін көлік салығын төлеу процесін толық цифрландыру қажет. Барлық рәсімдер онлайн платформа арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл адам факторын азайтып, ашықтықты қамтамасыз етіп, азаматтар үшін ыңғайлы әрі әділ жүйе қалыптастырады. Автоматтандырылған жүйе жемқорлық тәуекелдерінің алдын алып, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мынадай бағыттар бойынша зерделенді:Салық заңнамасын таңдаулы қолдану — кейбір көлік құралдарын әдейі тізілімге енгізбеу,деректерді бұрмалау — қолмен енгізілген мәліметтер жекелеген тұлғалар үшін салық жүктемесін азайту мақсатында бұрмалануы мүмкін;Мөлдірліктің болмауы — автоматтандырылған бақылаудың болмауы процесті ашық емес және сыртқы араласуға осал етеді.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша тұрақты негізде қабылданып жатқан шаралар:этикалық нормаларды сақтау, қызметтік тәртіп, ұжымдағы моральдық климат.Қазіргі уақытта көлік салығы кейбір жағдайларда қолмен жүргізілетін тізілімдер негізінде есептеледі, бұл салық органдарының немесе басқа уәкілетті құрылымдардың лауазымды тұлғаларымен жүзеге асырылады және мұндай тәсіл келесі тәуекелдермен қатар жүреді:біркелкі ережелердің болмауы,жекелеген көлік құралдарын салық базасынан әдейі алып тастау мүмкіндігі,есептеудің дұрыстығын жедел тексеру мүмкіндігінің болмауы;Талдау мен кейінгі бақылау жүргізу кезінде қиындықтар.Осы орайда жемқорлық тәуекелдерін талдау үшін қаралды: Салық заңнамасын таңдаулы қолдану — кейбір көлік құралдарын әдейі тізілімге енгізбеу және деректерді бұрмалау — қолмен енгізілген мәліметтер жекелеген тұлғалар үшін салық жүктемесін азайту мақсатында бұрмалануы мүмкін.

2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:Біріншіден автоматтандырылған ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін қарастыру және салық базасын қалыптастыру кезінде ақпаратты қолмен енгізуді болдырмау,тіркелген көлік құралдары туралы ақпаратты салықтық есептеулермен автоматты түрде салыстыруды қамтамасыз ету, есептеулердің дұрыстығын бақылау модулін енгізу. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде ұсыныстарын енгізу сонымен қатар қызмет көрсету кезінде тұлғалық байланысты болдырмау өте маңызды себебі бұл құжат айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді.Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысын болдырмау да жатады.

3.Аяқталу нысаны: ҚР Салық кодексіне өзгертулер енгізу.

Салық есептеулерінің (азайтулардың) тізілімдерін қолмен енгізу функцияларын алып тастау; Ақпараттық жүйелерді толық енгізу және интеграциялау.