Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілерінің барлық түрдегі ақшалай есеп айырысулар кезінде, оның ішінде қолма-қол ақшамен, банк карталарымен, сондай-ақ QR-кодтар арқылы мобильді төлемдер кезінде бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) міндетті түрде қолдану қажеттілігіне назар аударады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар Мемлекеттік тізілімге енгізілген үлгідегі БКМ қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.