Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларының назарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кірістер органдарына құзыреті шегінде валюталық бақылау функциясы берілгенін жеткізеді. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР 2018 жылғы 02 шілдедегі №167-VI тиісті Заңына өзгерістер енгізілді.
Егер шарттың сомасы баламасында 50 000 мың АҚШ долларынан асатын болса, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт есептік тіркеуге жатады. Егер валюталық шартта жасалған күні шарттың сомасы көрсетілмесе, онда мұндай шарт есептік тіркеуге жататын шарт ретінде қаралады.
Экспортаушы немесе импортаушы тараптардың кез келгенінің экспорты немесе импорты бойынша валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін оған қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банкке есептік нөмірді алуға өтініш жасайды.
Егер тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері мен шарттарына әсер ететін мән-жайлар туындаса, экспорттаушы немесе импорттаушы ақпаратты және растайтын құжаттарды (бар болса) есептік тіркеу банкіне ұсынады.
Егер репатриациялау мерзімі өткен, ал бейрезидент валюталық шарт бойынша орындамаған міндеттемелердің сомасы баламасында 50 000 АҚШ долларынан асқан жағдайда, материалдар «ҚР ҚК валюталық құндылықтарын Қазақстан Республикасынан заңсыз әкету, жіберу және аудару» 235-1-бабы бойынша іс қозғау туралы мәселені қарау үшін жіберіледі.
Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған кезде ҚР ӘҚБтК-нің "Ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау" 251-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалады.