Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ)

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ)

🔰Салық органдары тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу тәртібінің сақталуына мынадай жағдайларда бақылау жүргізеді:
🔸Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру барысында;
🔸ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;
🔸Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде.
🔉Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеттемесі мынадай мерзімдерде туындайды:
🔸Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғанға дейін;
🔸ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін;
🔸Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше емес мемлекеттердің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде – тауарларды тасымалдау, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту басталғанға дейін;
🔸ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде автомобиль өткізу пунктінде.
📌Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеті қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ олардың нысандары, ресімдеу тәртібі және құжат айналымы уәкілетті органмен айқындалады.