
🔰Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚҚС бойынша жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен арнаулы салық режимдеріне көшу кезінде ескерілетін негізгі мәселелерді түсіндіреді.
🔹 ҚҚС бойынша есептен қашан шығарылады
Жаңа Салық кодексінің 103-бабына сәйкес ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару тек мына жағдайларда жүзеге асырылады:
1. жалпыға бірдей белгіленген режимнен АСР-ге көшу;
2. қызметін тоқтату немесе тарату.
🔹 АСР-ге көшу кезінде
Салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламамен бір мезгілде ҚҚС бойынша таратушы (ликвидациялық) салық есептілігін ұсынады.
🔹 ҚҚС бойынша есептен шығару күні
Есептен шығару АСР қолдану басталған күннен бастап жүргізіледі.
Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын салық төлеушілер үшін бұл күн — қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күн болып табылады.
📌 Мысал
Егер хабарлама 2026 жылғы 5 қаңтарда берілсе, онда:
* ҚҚС бойынша есептен шығару күні — 2026 жылғы 5 қаңтар;
* ҚҚС бойынша таратушы есептілік 2026 жылдың 1 тоқсаны үшін тапсырылады.
🔹 Тауар қалдықтары және ҚҚС
* Бұрын ҚҚС есепке жатқызылған тауар қалдықтары салық салынатын айналым болып танылады;
* Айналым тауарлардың баланстық құны бойынша айқындалады (қайта бағалау мен құнсыздандыруды есепке алмағанда);
* Тауар қалдықтары бойынша Салық кодексінің 205-бабына сәйкес ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күнге салық тіркелімі жасалады;
* ҚҚС мөлшерлемесі айналым жасалған күніне қолданылады (ҚҚС бойынша есептен шығару күніне дейінгі күн).
📍 Маңызды: салық салу күні мен ҚҚС мөлшерлемесін айқындау кезінде АСР қолдану басталған күн шешуші мәнге ие.
🔹 Өтпелі ережелер (2026 жылға дейін АСР қолданғандар үшін)
Алдыңғы АСР-лердің (шаруа және фермер қожалықтарына арналған АСР-ді қоспағанда) қолданылуы тоқтатылуына байланысты мынадай өтпелі нормалар көзделген:
* 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама беріп, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге көшуге болады;
* ҚҚС бойынша есептен шығару — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап;
* ҚҚС бойынша таратушы есептілік 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін тапсырылады;
* Тауар қалдықтары 31.12.2025 жағдай бойынша айқындалып, 12% мөлшерлеме бойынша салық салынады.