0,7 және 0,5 - көлік салығы бойынша жаңа коэффициенттер

0,7 және 0,5 - көлік салығы бойынша жаңа коэффициенттер

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде көлік құралдары салығын есептеу тәртібі өзгерді, бұл әсіресе пайдалануға берілгеніне 10 жылдан асқан жеңіл автокөліктерге қатысты.

🚗 Пайдалану мерзімі бойынша коэффициенттер:
• 10 жылдан 20 жылға дейін - коэффициент 0,7
• 20 жылдан жоғары - коэффициент 0,5

Бұл ұзақ жыл пайдаланылған автокөлік иелері үшін салық ауыртпалығын төмендетеді.

📌 КҚШ үшін маңызды
Бір пикап (жүк платформасы мен бөлек кабинасы бар жеңіл көлік) - бір крестьян немесе фермер шаруашылығына салық төлеуден босатылады.

📄 Тағы қандай өзгерістер бар:
• Автокөліктерді түріне қарай (пикап, джип, лимузин) бөлетін норма алынып тасталды. Енді көлік санаты жүргізуші куәлігінің санатына (A, B, C, D) байланысты айқындалады.
• 31.12.2013 жылдан кейін өндірілген немесе әкелінген, 3000 текше см-ден жоғары қозғалтқышы бар автокөліктерге арналған жеңілдетілген ставкалар алынып тасталды.
• Заңды тұлғалар үшін көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу міндеті алынып тасталды - енді тек жылдық декларация тапсырылады.
• Сол сияқты заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі де алынып тасталды - тек жылдық декларация және төлем.

📆 Төлеу мерзімдері:
• Жеке тұлғалар - есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін.
• Заңды тұлғалар - декларация тапсыру мерзімінен кейін 10 күн ішінде.

‼️ Бұл өзгерістер салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету және ашықтығын арттыру мақсатында жаңартылған Салық кодексі аясында енгізілді.