Оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық режимінде жұмыс істейтіндерге, таксисттер мен курьерлер үшін маңызды ақпарат

Оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық режимінде жұмыс істейтіндерге, таксисттер мен курьерлер үшін маңызды ақпарат

🗓️ 2025 жылғы 18 шілдеде жаңа ҚР Салық кодексі бекітілді. Оның негізгі жаңалықтарының бірі – арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқартылуы. Тек өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, оңайлатылған декларацияға және шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған режимдер ғана сақталды.

⚠️ Осыған байланысты Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге, әсіресе өзіне қолайлы режимде жұмысын жалғастырғысы келетіндерге, өтпелі ережелерді қатаң сақтаудың маңызды екенін ескертеді.

🚕 Таксисттер, курьерлер және осыған ұқсас қызмет көрсететін тұлғалар келесі ақпаратқа назар аударуы қажет. Егер бұған дейін патентте немесе арнайы мобильдік қосымша арқылы жұмыс істеген жеке кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 наурызға дейін «жаңа» оңайлатылған декларация режиміне көшу туралы хабарлама бермесе, олар автоматты түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден шығарылады және, егер режим талаптарына сәйкес келсе, қызметін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде жалғастыра алады.

💡 Сондай-ақ оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық режимінде жұмыс істейтін салық төлеушілер үшін маңызды ақпарат. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы салық режимдерін қолданған және «жаңа» оңайлатылған декларация режиміне өтуді жоспарлаған салық төлеушілер көшу туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей тапсыруы тиіс, әйтпесе олар жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылады және оңайлатылған декларацияға тек бір жыл жұмыс істегеннен кейін ғана өте алады.