Кедендік тазартудан өткізу бойынша Қазақстан Республикасында жеңіл автомобильдерді кедендік рәсімдеу кезінде жалпы белгіленген тәртіп бойынша келесі кедендік төлемдер мен салықтар төленеді:
- Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым – 6 АЕК құрайды.
- Кедендік әкелу бажы – адвалорлық 0-18% немесе нақты ставка (тауар коды мен Бірыңғай кедендік тарифке сәйкес 1 текше см үшін еуромен есептеледі).
- Акциз (100 теңге/см³) – негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл және басқа да моторлы көлік құралдары үшін, қозғалтқыш көлемі 3000 см³-ден жоғары (мүгедектерге арнайы бейімделген қолмен басқарылатын көліктерден басқа).
- Қосылған құн салығы (ҚҚС) – импортталатын тауардың салық салынатын құнының 12% құрайды.
Департаменттің қызмет ету аясында жеңіл автомобильдерді кедендік рәсімдеу кезінде 2024 - 2025 жылдар аралығында кедендік рәсімдеуден 1562 жеңіл көлік құралдары өткен, нәтижесінде кедендік төлемдер мен салықтары бойынша бюджетке 2 млрд. теңгеге жуық қаржы төленді.