Қазақстан аумағына вейптерді әкелуге тыйым салу туралы

Қазақстан аумағына вейптерді әкелуге тыйым салу туралы

2024 жылғы 20 маусымда "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң күшіне енген.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексі темекі шегетін темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекі, кальянға арналған темекі, кальян қоспасы, темекіні жылытуға арналған жүйелерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы мақаламен толықтырылды.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекске 301-1-бап енгізілді. Аталған бапқа сәйкес "темекі шекпейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады" деп белгіленген.

Бұл ретте ҚР аумағында тыйым салынған бұйымдарды әкелуге немесе өндіруге тырысатындар үшін: 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі айыппұлдан бастап мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айыруға дейін неғұрлым қатаң жаза көзделген.

Кеден органдары азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық жауапкершіліктен аулақ болу үшін жаңа заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.