Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің белгіленген шарттары сақталған жағдайда салық есептілігін ұсыну мерзімдерін ұзартуға құқығы бар екенін хабарлайды.
Ұзарту рәсімінің шарттары
Ұзартуды алу үшін салық төлеуші заңнамада белгіленген салық есептілігін табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін тіркеу есебінің орны бойынша салық органына хабарлама жіберуі қажет. Салық есептілігін тек электронды түрде берген кезде мерзімдерді ұзартуға болады.
Хабарлама беру тәсілдері:
- электрондық нысан арқылы (eGov порталы немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы);
- қағаз жүзінде.
Есептілікті ұсыну мерзімі келесі мерзімдерге ұзартылуы мүмкін:
-корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын;
-салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайтын;
-тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің өзге де түрлері бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.
Маңызды
Ұзарту құқығы келесі санаттарға берілмейді:
-тәуекел денгейі жоғары салық төлеушілерге арнайы салық режимдеріндегі дара кәсіпкерлерді қоспағанда, тәуекел деңгейі;
-тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш берген кезде.
Мерзімді ұзарту тек есеп беру мерзіміне қатысты. Салықтар мен төлемдердің төлеу мерзімі өзгеріссіз қалады.
Әскери қызметшілер үшін ерекше тәртіп қарастырылған
Жеке тұлғалардың декларациялары бойынша мерзімді ұзарту құқығы салық органына мерзімді ұзарту туралы хабарлама жіберілместен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге беріледі. Жеке тұлғалардың декларацияларын әскери қызметшілердің ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызметті өткеру орнына кетуі туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызметті өткеру уақыты кезеңіне ұзартылады.