Меню
Страницы

Салық мамандарымен кездесу

Салық мамандарымен кездесу

2026 жылғы 8 қыркүйекте Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Г. Шортанбаева Қазалы ауданына қатысты ауылдық округтеріндегі салық мамандарымен кездесті. Бұл жиын ауылдық деңгейдегі салықтық түсімдерді тиімді жинауды ұйымдастыру және жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру базасын нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Ауылдық округтердегі мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдарына салынатын салықтардың жиналу барысы сараланды. Салық базасын нақтылау мақсатында тіркелмеген нысандарды есепке алу тапсырылды. Салық мамандары мен ауыл әкімдіктері арасындағы ақпараттық байланысты күшейту және салық салу объектілері бойынша мәліметтерді тұрақты жаңартып отыру мәселесі сөз болды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты