Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Департамент басшысының міндетін атқарушы А. С. Елемановтың төрағалығымен "ашықтық индексінің көрсеткіштерін енгізу, Қазақстан Республикасы Әкімшілікпроцестік кодексінің талаптарын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қағидалардың талаптарын сақтау мәселелері" тақырыбында техникалық тренинг өткізілді Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығы" Іс-шара барысында "Электрондық петиция" ақпараттық жүйесінде өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі, әкімшілік рәсімдерді орындау заңнама талаптарын сақтау сондай-ақ ең көп таралған проблемалар мен олардың алдын алу тәсілдері егжей-тегжейлі түсіндірілді Техникалық тренинг нәтижесінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, "ашықтық индексі" көрсеткіштерінің сапалы орындалуына тұрақты бақылауды қолдау және түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты нұсқаулар берілді