Мүліктік кіріс

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 382-бабына сәйкес салық салуға жататын жеке тұлғаның мүліктік табысына мыналар жатады:

құн өсімінен түсетін табыс;
дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған табысы.

Құн өсімінен түсетін табыс келесі жағдайларда туындайды:

✔️ жеке тұлғаның мүлікті өткізуі кезінде;
✔️ мүлікті заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде;
✔️ талап ету құқығын беру кезінде, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша.

📅 Құн өсімінен түсетін табыс көрсетілген жағдайлар орын алған салық кезеңінде айқындалады.

❗️Азаматтарға салық міндеттемелерін уақтылы орындау және Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын ескеру ұсынылады.

 

Камералды мониторинг басқармасы

Дата публикации
12 июня 2026