«Еліміздің ата –заңы Конституция» күніне арналған сурет байқауы

«Еліміздің ата –заңы  Конституция»  күніне арналған сурет байқауы

Қоғамдық құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша түрлі топтар деңгейінде ақпарттық жұмыс жүргізу мақсатында Арқалық қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы оқушылар арасында сурет байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: Оқушыларға конституция ұғымын – суреттер арқылы баланы ойланта отырып, олардың көзқарасын танытуға мүмкіндік жасау, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Өзіңдік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Байқаудың соңында оқушыларды марапаттап, мектепке қажетті сыйлықтар берілді.