Айналым 10 000 АЕК-тен асты: халықаралық тасымалдар бойынша ҚҚС мөлшерлемесі 0% болса, ҚҚС бойынша есепке тұру қажет пе?

Айналым 10 000 АЕК-тен асты: халықаралық тасымалдар бойынша ҚҚС мөлшерлемесі 0% болса, ҚҚС бойынша есепке тұру қажет пе?

Айналым 10 000 АЕК-тен асты: халықаралық тасымалдар бойынша ҚҚС мөлшерлемесі 0% болса, ҚҚС бойынша есепке тұру қажет пе?
2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша міндетті тіркеуге қою үшін ең төменгі айналым мөлшері 10 000 АЕК құрайды.
ҚР Салық кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес, күнтізбелік жыл ішінде айналым мөлшері белгіленген шектен асқан жағдайда салық төлеуші ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті мемлекеттік кірістер органына ұсынуға міндетті.
Өтініш айналым мөлшері ең төменгі шектен асқан ай аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.
Халықаралық тасымалдармен айналысатын кәсіпкерлер үшін қандай ерекшелік бар?
Мұнда ҚҚС-тың 0% мөлшерлемесін және ҚҚС-тан босатуды ажырата білу маңызды.
ҚҚС-тың 0% мөлшерлемесі
Салық кодексінің 468-бабына сәйкес халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша айналымдарға 0% мөлшерлеме қолданылады. Оларға мыналар жатады:
• Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және аумағына импортталатын тауарларды тасымалдау;
• Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүктерді тасымалдау;
• халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүкбагажды тасымалдау;
• халықаралық қатынастағы жолаушылар пойыздарының (вагондарының) жүріп өту қызметтері.
Маңызды! 0% мөлшерлеме ҚҚС-тан босатуды білдірмейді. Мұндай айналымдар ҚҚС салынатын айналым болып есептеледі және ҚҚС бойынша есепке қою міндетін анықтау кезінде ескеріледі.
Сондықтан, егер айналым 10 000 АЕК-тен асса, бюджетке төленетін ҚҚС сомасы нөлге тең болса да, кәсіпкер ҚҚС бойынша есепке тұруға міндетті.
ҚҚС-тан босату
Салық кодексінің 475-бабына сәйкес халықаралық тасымалдарға байланысты бірқатар жұмыстар мен қызметтер ҚҚС-тан босатылады. Олардың ішінде:
• жүктерді тиеу, түсіру және қайта тиеу;
• экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді экспедициялау;
• вагондар (контейнерлер) операторларының қызметтері;
• халықаралық рейстерге қызмет көрсететін әуежайлар мен теңіз порттарының қызметтері;
• әмбебап пошта байланысы қызметтері және тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жөнелту қызметтері;
• Салық кодексінің 475-бабында көзделген өзге де қызметтер.
Егер көрсетілетін қызметтер Салық кодексінің 475-бабына сәйкес ҚҚС-тан босатылған болса, айналым 10 000 АЕК-тен асқан жағдайда да ҚҚС бойынша есепке тұру талап етілмейді.
Егер мемлекеттік кірістер органы ҚҚС бойынша есепке тұру туралы хабарлама жолдаса, салық төлеуші айналымның ҚҚС салынбайтын операцияларға жататынын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түсіндірме ұсынуға құқылы.
ҚҚС бойынша есепке уақытылы тұрмау Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 369-бабы 3-бөлігі және 275-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
#ҚостанайМКД #ҚҚС #ХалықаралықТасымал #СалықКодексі #КәсіпкергеКөмек