
Салық төлеушінің дербес шоты: қандай жағдайларда және қалай беріледі?
Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары арасында беру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
Жеке тұлғаның тұрғылықты жері (уақытша болатын жері) өзгерген кезде;
Орналасқан жері өзгерген кезде:
• жеке кәсіпкердің;
• жеке практикамен айналысатын тұлғаның;
• заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшелерінің;
• Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттің;
• бейрезиденттің тұрақты мекемесі болып танылатын тәуелді агенттің;
• салық агенті болып табылатын бейрезиденттің.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде;
Бейрезидент заңды тұлға корпоративтік табыс салығын төлеудің және Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелер тобы бойынша декларацияны бір тұрақты мекеме арқылы ұсынудың тәртібіне көшкен кезде;
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қате төленген жағдайда;
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі есептен шығарылып, оның дербес шоты заңды тұлғаның дербес шотына берілген кезде.
Дербес шотты беру оған негіз болған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Салық заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша тіркелген жеріңіздегі мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуыңызға болады.
#ҚостанайМКД #СалықТөлеуші #ДербесШот #МемлекеттікКірістер #СалықЗаңнамасы