Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге лицензияны онлайн түрде бір жұмыс күнінде алуға болады

Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге лицензияны онлайн түрде бір жұмыс күнінде алуға болады

 

Қазақстан азаматтары мен кәсіпкерлері алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияны мемлекеттік органдарға бармай-ақ электрондық форматта рәсімдей алады. Қызмет eGov электрондық үкімет порталында, eLicense.kz электрондық лицензиялау порталында, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мемлекеттік кірістер органдарында қолжетімді.

Лицензия алудың ең ыңғайлы тәсілі – мемлекеттік электрондық сервистер арқылы онлайн рәсімдеу. Ол үшін өтініш беруші eGov порталында авторизациядан өтіп, «Алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге лицензия» қызметін таңдап, электрондық өтініш нысанын толтыруы, тиісті алымды төлеуі және өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) растауы қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күні.

Лицензия алу үшін өтініш беруші белгіленген үлгідегі өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, қажет болған жағдайда жалдау шартын, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Электрондық мемлекеттік қызметтердің дамуы лицензиялау рәсімдерін жеңілдетуге, құжаттарды рәсімдеу мерзімдерін қысқартуға және бизнес пен азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.