2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексіндегі өзгерістер

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексіндегі өзгерістер

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексіндегі өзгерістер
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіледі.
Негізінен бұл түзетулер редакциялық және терминологиялық сипатқа ие. Олар Кодекстегі жекелеген тұжырымдарды нақтылауға, терминдерді қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге және нормаларды бірізді қолдануға бағытталған.
Атап айтқанда:
Кодекс мәтініндегі жекелеген терминдер ауыстырылады;
құқықтық тұжырымдар нақтыланады;
ұлттық валютаның жазылуы «теңге» түрінде сәйкестендіріледі;
заңнамадағы өзгерістерге байланысты нормалар түзетіледі;
салықтық әкімшілендірудің жекелеген ережелері қолданысқа енгізіледі.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінің 189-бабы қолданысқа енгізіледі. Аталған бапта заңда белгіленген негіздер болған жағдайда заңды тұлғаның бірінші басшысына, жеке кәсіпкерге және жеке практикамен айналысатын адамға қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қою тәртібі көзделген.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге салық заңнамасындағы өзгерістерді уақытылы қадағалап, салық міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындау қажеттігін еске салады.
Өзекті ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми ресурстарында орналастырылады.
#ҚостанайДГД #СалықКодексі #МемлекеттікКірістер #Салық2026 #Кәсіпкерлік #Қостанай