
"Апостиль қою бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету"
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті көрсететін мемлекеттік қызметтердің бірі "мемлекеттік кірістер органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою"болып табылады.
Апостиль қою рәсімінің мақсаты Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағында әрекет етуге арналған апостиль қойылған құжаттардың түпнұсқалығы мен тиісті ресімделуіне кепілдік беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар-жеке және заңды тұлғалар өтініш беруге құқылы:
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына қағаз түрінде,
2. "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі-портал),
3. тікелей көрсетілетін қызметті берушіге, яғни мемлекеттік кірістер департаментіне қағаз түрінде,
4. ақпараттық жүйеге "салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасы (www.knp.kgd.gov.kz.), мұнда бір мезгілде мемлекеттік қызметті алуға арналған ресми құжатты беру туралы өтініште оны апостильдеу қажеттілігі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Департамент апостиль қою жөніндегі қызметке мемлекеттік баж салынатынына назар аударады: Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қою үшін төлем әрбір құжат үшін 0,5 АЕК құрайды.
2026 жылға арналған АЕК-4 325 теңге, яғни әрбір апостиль қойылған құжат үшін 2 162,5 теңге төлеу қажет.
Төлеуге арналған деректемелер: -
Бенефициар (төлем алушы) - Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, БСН 961040000576 (яғни апостиль қою бойынша қызмет көрсететін органның орналасқан жері бойынша МКБ).
Бенефициар банкі-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті.
Төлемнің КБК (бюджеттік сыныптама коды) - 108126
Төлем тағайындау коды – 911.
Апостиль қою үшін салық төлеуші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) апостиль қоюға өтініш; Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) мемлекеттік қызметті алатын адамның не оның өкілінің жеке куәлігі;
3) апостиль қоюға жататын құжат;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлғаның өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат; заңды тұлғаның атынан оның басшысының немесе оған оның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге де тұлғаның қолымен берілген және заңды тұлғаның өкілі жүгінген кезде осы ұйымның мөрімен бекітілген сенімхат;
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға берген немесе куәландырған, оның құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалық мөрімен бекітілген сенімхаттар арнайы куәландыру (жария ету не апостиль қою) рәсімінен өткеннен кейін ғана (көшірмесімен сәйкестендіру үшін) қабылданады.