Шетел азаматы Қазақстанда ЖК немесе ЖШС аша ала ма

Шетел азаматы Қазақстанда  ЖК немесе ЖШС аша ала ма

Шетел азаматы Қазақстанда ЖК немесе ЖШС аша ала ма?
Бұл сұрақты ЕАЭО елдерінің азаматтары жиі қояды. Түсіндіреміз 👇
Шетел азаматы Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті (ЖК) тіркей алады, бірақ міндетті түрде тұруға ықтиярхаты (ЫТЖ) және Қазақстанда тұрақты тұру құқығы болуы қажет.
ЖК тіркеуге құқылы азаматтар:
Ресей Федерациясы
Қырғыз Республикасы
Беларусь Республикасы
Армения Республикасы
Тәжікстан Республикасы
Негізгі талап – тұрақты тұруға рұқсаттың және тұруға ықтиярхаттың (ЫТЖ) болуы.
Ал ЖШС ашу мәселесіне келсек:
2024 жылғы мамырдан бастап ЕАЭО елдерінің, сондай-ақ Әзербайжан мен Тәжікстан азаматтарына Қазақстанға кіру визасын немесе уақытша тұруға рұқсатты (УТР) алмайынша заңды тұлға құруға немесе коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынған.
Бұл талап келесі тұлғаларға қолданылмайды:
Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге;
азаматтығы жоқ адамдарға.
ЫТЖ алғаннан кейін шетел азаматы:
ЖСН ала алады;
электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімдей алады;
eGov.kz порталы немесе банк қосымшалары арқылы ЖК тіркей алады;
халықаралық келісімдер шеңберінде мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады.
Егер Қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналысуды жоспарласаңыз, тұрақты тұруға қажетті құжаттарды алдын ала рәсімдеп, көші-қон заңнамасының талаптарымен танысуға кеңес береміз.
#ЖК #ЖШС #Кәсіпкерлік #ЕАЭО #ЫТЖ #Қазақстан #Бизнес #Салық #МКК #eGov #КәсіпкерлергеАрналғанАқпарат