
Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының отын бактарында, тәулігіне бір реттен артық емес, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және (немесе) қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары);
2) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін беру жоспарына сәйкес бензиндерді (2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (2710 12 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтар) темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.