
2026 жылы зейнеткерлердің пәтерді жалға беруі: шарттары мен салық салу тәртібі
2026 жылы жеке тұлғалар, оның ішінде зейнеткерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін қолдана отырып, өз пәтерін жалға бере алады.
Жеке тұрғын үйді жалға беру (субаренда) және басқару аталған режимді қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі;
жалдамалы қызметкерлерді пайдаланбауы;
қызмет түрі бекітілген тізбеге сәйкес болуы;
айлық табысы 300 АЕК-тен аспауы (2026 жылы — 1 297 500 теңге).
Салық салу тәртібі:
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар табысының 4%-ы мөлшерінде әлеуметтік төлемдер төлейді. Бұл төлемдер құрамына:
міндетті зейнетақы жарналары;
әлеуметтік аударымдар;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары кіреді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жасына байланысты зейнеткерлер:
міндетті зейнетақы жарналарын;
әлеуметтік аударымдарды;
міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады.
Осылайша, жасына байланысты зейнеткерлер аталған режимді қолданған жағдайда салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлемейді.
Тіркеу тәртібі:
Режимді қолдану үшін:
«e-Salyq Business» мобильді қосымшасында тіркелу;
міндетті түрде фискалдық чектер беру қажет.
Режимді қолданудың басталу күні — алғашқы чек берілген күн болып есептеледі.
Маңызды:
Чек бермеу салық заңнамасын бұзу болып табылады.