
Ескі СТК және СОНО ақпараттық жүйесінде СЕН 300.00 нысаны ҚОЛЖЕТІМДІ ЕМЕС.
СӘИЖ СТК 300.00 нысанының жаңа нұсқасы
Құрметті салық төлеушілер!
2026 жылғы 15 сәуірден бастап Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесінің жаңа Салық төлеуші кабинетінде (СӘИЖ СТК) 2026 жылға арналған 300.00 салық есептілігі нысанының жаңа нұсқасы — қосылған құн салығы бойынша декларация қолжетімді болатынын хабарлаймыз.
Не жаңалық бар?
Жаңартылған нысан заманауи талаптар мен салық есептілігін тапсырудың жеңілдетілген рәсімдерін ескере отырып әзірленді.
Толтыру кезінде қателіктердің алдын алуға көмектесетін өзекті мәліметтер мен нұсқаулықтар енгізілген.
Назар аударыңыз:
Ескі СТК және СОНО ақпараттық жүйесінде СЕН 300.00 нысаны ҚОЛЖЕТІМДІ ЕМЕС. Барлық салық төлеушілерге өзекті ақпарат пен есептілікті алу үшін жаңа платформаға өтуді ұсынамыз.