Оңайлатылған салық режиміне көшу кезінде 200-нысанды тапсыру тәртібі туралы

Оңайлатылған салық режиміне көшу кезінде 200-нысанды тапсыру тәртібі туралы

Оңайлатылған салық режиміне көшу кезінде 200-нысанды тапсыру тәртібі туралы
Салық төлеушілерден келіп түсетін сұрақтарға байланысты, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшу кезінде салықтық есептілікті ұсыну тәртібі түсіндіріледі.
Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес оңайлатылған режимге көшуге құқылы.
Осыған байланысты келесі сұрақ туындайды:
200-нысан қандай түрде ұсынылады — жою (ликвидациялық) ма, әлде кезекті ме?
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 114-бабына сәйкес салықтық есептілік келесі түрлерге бөлінеді:
бастапқы;
кезекті;
қосымша;
хабарлама бойынша қосымша;
жою (ликвидациялық).
Жою салықтық есептілігі тек мынадай жағдайларда ұсынылады:
салық төлеушінің қызметі тоқтатылған кезде;
қайта ұйымдастыру кезінде;
жекелеген салық түрлері бойынша тіркеу есебінен шығарылған кезде.
Ал кезекті салықтық есептілік салық төлеушінің қызметі жалғасқан жағдайда тиісті салық кезеңі үшін ұсынылады.
Жалпыға бірдей белгіленген режимнен оңайлатылған режимге көшу салық төлеушінің қызметін тоқтату болып табылмайды және оның жойылуына немесе қайта ұйымдастырылуына әкеп соқпайды.
Қорытынды
Осыған байланысты оңайлатылған режимге көшу кезінде 200-нысан кезекті салықтық есептілік ретінде ұсынылады, жою есептілігі ретінде емес.
Назар аударыңыз
Салықтық есептіліктің түрін дұрыс көрсетпеу ақпараттық жүйелерде техникалық қателерге және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалардың қалыптасуына әкелуі мүмкін.