
«Желқуар» өткізу пунктінің жұмысын қайта бастау туралы
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы учаскесінде орналасқан «Желқуар» өткізу пункті штаттық режимде өз жұмысын қайта бастағанын хабарлайды.
Адамдарды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жүк тасымалдау маршруттарын жоспарлау кезінде «Желқуар» өткізу пунктінің жұмысын қайта бастауды ескеру ұсынылады.
Департамент мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауға шақырады.