
Эмиссия үшін кім төлейді?
Қарапайым тілмен түсіндіреміз
*Төлеушілер* — қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектісі бар ЖК және ЖШС. Объект жалға алынған болса да — төлем жасау міндетті.
*Объектілер санаттары:*
I–II (айтарлықтай және орташа әсер)
Ірі кәсіпорындар (мұнай-газ, металлургия, энергетика және т.б.)
экологиялық рұқсат алуы тиіс (10 жылға дейін)
эмиссия үшін төлейді және 870.00 нысанын тапсырады
III (аз әсер)
Өндірістер: бетон, аяқ киім, сабын, кілем және т.б.
рұқсат қажет емес
бірақ жыл сайын экологиялық декларация тапсырады (қалдықтар бойынша)
IV (ең төмен әсер)
СТО, автомойка, кафе, дүкендер және т.б.
эмиссия үшін төлемейді
есептілік тапсырмайды
Маңызды:
Егер қалдық көлемі лимиттен асса (мысалы, қауіпті қалдықтар >1 тонна немесе қауіпті емес >10 тонна), бизнес автоматты түрде III санатқа өтеді.
Қосымша: бірыңғай жер салығын қолданатын фермерлер де төлемейді.
*Өз санатыңызды қалай анықтауға болады?*
Жұмыс істеп тұрған бизнес — elicense.kz арқылы өтініш беру (15 күнге дейін)
Жаңа жоба — санат жоспарлау кезеңінде анықталады
Егер күмән болса — экология департаментіне өтініш беріп, ресми жауап алған дұрыс.