31 марта истекает срок представления налоговой отчетности за 2025 год

31 марта истекает срок представления налоговой отчетности за 2025 год

2025 жыл үшін салық есептілігін тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады
2025 жылдың қорытындысы бойынша 2026 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей келесі салық есептіліктерін (ФНО) тапсыру қажет:
ф. 100.00, 110.00, 150.00, 180.00 – КТС бойынша декларациялар;
ф. 220.00 – ЖТС бойынша декларация;
ф. 531.00 – Натуралды нысандағы салық міндеттемесін орындау туралы декларация (есеп);
ф. 540.00 – Артық пайдаға салынатын салық бойынша декларация;
ф. 560.00 – Тарихи шығындарды өтеу төлемі бойынша декларация;
ф. 600.00 – Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық бойынша декларация;
ф. 700.00 – Көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация;
ф. 871.00 – Жалға алу (пайдалану) шарттарының тізілімі;
ф. 912.00 – Тіркелген шегерімді қолданатын арнайы салық режимін пайдаланатын салық төлеушілерге арналған декларация;
ф. 920.00 – Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 4-тоқсаны үшін:
ф. 101.04 – Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталып қалатын КТС бойынша есеп ұсынылады.
Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жеке тұлғалар 2025 жылға арналған көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі қажет.