
2026 жылдан бастап мекемелер үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер бойынша ақпарат беруге міндеттеледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап халыққа және бизнеске қызмет көрсететін ұйымдардың жекелеген санаттары үшін жаңа талап енгізілді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес (2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Кодексі, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген) бірқатар ұйымдар салық органдарына үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Талап кімдерге қатысты
Бұл міндет төменде көрсетілген салаларда қызмет көрсететін ұйымдарға қолданылады:
сумен жабдықтау және су бұру,
кәріз жүйесі,
газбен жабдықтау,
электроэнергиямен жабдықтау,
жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару)
лифттерге қызмет көрсету,
тасымалдау саласындағы қызметтер.
Мәліметтер қандай нысанда ұсынылады
Салық есептілігінің 493.00-нысаны «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» бекітілді. Нысан және оны ұсыну қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 554 бұйрығымен бекітілген.
Аталған салық есептілігі қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар арасындағы ашықтықты арттыруға бағытталған. Көрсетілген салаларда жұмыс істейтін салық төлеушілерге есептілікті толтыру қағидаларымен және оны ұсыну мерзімдерімен алдын ала танысу ұсынылады. Бұл есептілікті ұсыну кезінде қателіктер мен бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.