
МКК 2026 жылғы 26-ақпаннан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды:
1. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00 СЕН);
2. Акциз бойынша декларация (400.00СЕН);
3. Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация (710.00 СЕН).
СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда сізknpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылықолдау қызметіне жүгіне аласыз.
Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары ондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.
Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.
Сондай-ақ, салық төлеушінің дербес салық төлеушілер болып табылмайтын құрылымдық бөлімшелері болса, жеке СЕН 200.03 құжатын беру талап етілмейтінін хабарлаймыз. Есептелген сомалар бас ұйым 200.00 СЕН ұсынатын 200.03 қосымшасы бойынша бөлімшелердің жеке шоттарында көрсетіледі.
#САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня