2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға ҚҚС – 5%

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға ҚҚС – 5%

 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға ҚҚС – 5%
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1204 қаулысымен қосылған құн салығының төмендетілген мөлшерлемесі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бекітілді.
Нені білу қажет?
Тізбеге ТН ВЭД ЕАЭО кодтары көрсетілген 242 тауар позициясы енгізілген. Атап айтқанда:
фармацевтикалық өнімдер және оларды өндіруге арналған шикізат;
медициналық бұйымдар, жабдықтар және жиынтықтаушы бөлшектер;
диагностикалық реагенттер мен зертханалық материалдар;
ортопедиялық және оңалту құралдары;
медицина мен стоматологияға арналған шығыс материалдары;
арнайы медициналық жабдықтар, құралдар мен аппаратура;
медициналық бұйымдарды өндіруге арналған тауарлар (қаптама, сүзгілер, «таза бөлмелерге» арналған материалдар және т.б.).
ҚҚС мөлшерлемелері:
5% — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап
10% — 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап
Маңызды: төмендетілген мөлшерлеме келесі құжаттар болған жағдайда қолданылады:
фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензия (немесе медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге қызметтің басталғаны туралы хабарлама);
дәрілік заттардың Қазақстан Республикасында тіркелуі;
тіркелмеген дәрілік заттарды импорттау кезінде тиісті рұқсат құжаты;
тауарлардың мақсатты пайдаланылуын растайтын құжат.
Негізі — Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 503-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы.
Фармацевтика және медицина саласындағы субъектілерге өз тауарларының бекітілген тізбеге сәйкестігін алдын ала тексеру ұсынылады.
#ҚҚС #салық #ҚР #медицина #фармацевтика #ДГД