
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің» Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін «Жеке шот» бөлімінде Жеке шоттар бойынша сальдо, Жеке шот және Жеке шоттан үзінді көшірмесі қарау және алу үшін қолжетімді екенін хабарлайды.
«Қызметтер» бөлімінде Берешек туралы мәліметтерді ала аласыз.
Көрсетілген қызметтердегі ақпарат СӘИЖ анықтамалық жеке шоттарынан автоматты түрде алынатынын ескеріңіз.
СӘИЖ СТК-не кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда СӘИЖ қолдау қызметінің knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайына және FinQoldau_bot Telegram-ботына хабарласа аласыз.