Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыраны таңбалауды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыраны таңбалауды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

 Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыраны таңбалауды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгін, 20 ақпанда, 1 ақпаннан бастап енгізілген сыраны таңбалау мәселелері бойынша Zoom-конференция өтті.
Спикер ретінде акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Самат Бигужин сөз сөйледі. Кездесу барысында қатысушыларға таңбалауды енгізу тәртібі, айналымға қатысушыларға қойылатын талаптар, ақпараттық жүйеде тіркелу қағидалары және бұзушылықтар үшін жауапкершілік жан-жақты түсіндірілді.
Таңбалау өнім айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, акциздердің уақтылы төленуін бақылауға және көлеңкелі нарықтың алдын алуға бағытталған. Әрбір өнім бірлігі міндетті түрде сәйкестендіру құралдарымен таңбаланып, қадағалау жүйесінде көрсетілуі тиіс.
Қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды 
Қосымша сұрақтар үшін Telegram желісінде арнайы топ құрылды. Онда барлық мүдделі тұлғалар кеңес алып, өз сұрақтарын қоя алады.https://t.me/+gLUyLLCX5Fo0YWM6