
Онлайн кездесу
2026 жылдың 1 ақпанынан бастап кегтерде және бөтелкелерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарына міндетті таңбалау енгізілді. Банкалардағы сыраны таңбалау 2027 жылдың 1 ақпанынан бастап міндетті болады.
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сыра мен сыра сусындарын өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бөлшек саудагерлерді 20.02.2026 жылы сағат 11.00-де онлайн-форматта өтетін тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінің бірыңғай операторымен түсіндіру кездесуіне шақырады.
Сөз сөйлеуші Қазақтелеком АҚ Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы жобасының жетекшісі – Лейла Талгатбековна Мустафина.
Ссылка:https://us05web.zoom.us/j/9675207717...
Конференция идентификаторы: 967 520 7717.
Кіру коды: 111222.