
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы 2026 жылғы 17 ақпанында Қостанай облысының аумақтық мемлекеттік кірстер басқармаларымен арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру сұрақтары бойынша және қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны 2026 жылғы 28 ақпанға дейін ұсыну бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2026 жылғы 1 қаңтарына дейін арнаулы салық режимдерін қолданған дара кәсіпкерлер және заңды тұлғаларға 2026 жылғы 28 ақпанға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсыну қажет.
Егерде хабарлама табыс етілмесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке автоматты түрде ауыстыру жүргізіледі.