
Лисаков қаласы бойынша МКБ-да Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Төленді Керімбеков салық төлеушілерді қабылдады.
Қабылдау барысында салық төлеушілер мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, қызметтік әдеп нормаларының сақталуына қатысты өздерін толғандырған мәселелер бойынша жүгініп, әдеп жөніндегі уәкілдің құзыреті шеңберінде тиісті түсіндірмелер мен ұсыныстар алды.
Мұндай қабылдаулардың өткізілуі мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге, салық төлеушілердің құқықтарын қорғауға, мемлекеттік қызметшілерге деген сенімді арттыруға және әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуға бағытталған.