Мемлекеттік қызметтегі әдеп талаптары: түсіндіру жұмысы

Мемлекеттік қызметтегі әдеп талаптары: түсіндіру жұмысы
 Қызметтік әдеп мәселелері бойынша семинар
Әдеп жөніндегі уәкіл аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мен Департамент қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары, мінез-құлқына қойылатын талаптар және күнделікті қызметте кездесетін практикалық жағдайлар жан-жақты түсіндірілді.
 Семинар аясында келесі мәселелер қаралды:
 Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау
 Қызметтік мінез-құлық пен іскерлік әдеп қағидалары
 Мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу тәртібі
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар
 Әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік
 Салық төлеушілермен дұрыс әрі сыпайы қарым-қатынас жасау
 Қызметтік тәртіпті сақтау және заңдылық қағидаттарын орындау
 Қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық мәдениеті, сыртқы келбет
 Қызметтік ақпаратты пайдалану және оны жария етпеу талаптары
 Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі және кеңес алу тәртібі
 Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қызметтік әдеп талаптарын сақтау бойынша нақты түсіндірмелер алды.
Мұндай іс-шаралар ашықтықты, адалдықты және кәсібилікті нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
#ҚызметтікӘдеп #ӘдепЖөніндегіУәкіл #МемлекеттікҚызмет #СыбайласЖемқорлыққаҚарсы #УГД #ДГД