
Әлеуметтік салық: 2026 жылдан бастап есептеу тәртібіндегі өзгерістер
2026 жылдан бастап әлеуметтік салықтың (ӘС) мөлшерлемесі 6 % болып белгіленді, бұл ретте әлеуметтік салық сомасын әлеуметтік аударымдар сомасына азайту қажеттілігі алынып тасталды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі 1,8 % болып белгіленеді (бұрын қолданылған 70 %-ға төмендету орнына) және ол келесі қызмет түрлері бойынша қолданылады:
өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу;
өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және қайта өңдеу өнімдерін өткізу.
Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар әлеуметтік салықты:
өздері үшін — 2 АЕК;
әрбір жұмыскер үшін — 1 АЕК мөлшерінде есептейді.
Шаруа немесе фермер қожалықтары өз өндірісіндегі ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу, сондай-ақ оны қайта өңдеу қызметін жүзеге асырған кезде әлеуметтік салықты:
өздері үшін — 0,6 АЕК;
әрбір жұмыскер үшін — 0,3 АЕК мөлшерінде есептейді.
Арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер әлеуметтік салықты төлеуден босатылады, оның ішінде:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтіндер;
шаруа немесе фермер қожалықтары.