
11 желтоқсан күні Мемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылғы жұмыс бағыттарына арналған техникалық оқу өткізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша деректерді талдау Қызметкерлер мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлық жағдайының динамикасын, негізгі тәуекел факторларын және олардың алдын алу шараларын талқылады. KPI көрсеткіштерінің орындалуы Бөлімшелердің жылдық тиімділік көрсеткіштері қарастырылып, сапаны арттыруға және процестердің ашықтығын күшейтуге бағытталған шаралар атап өтілді. Этикалық кодекс нормаларын сақтау Қызметтік міндеттерді адал, бейтарап және корректілі орындау — әр қызметкердің жеке жауапкершілігі екені еске салынды. Қоғамның мемлекеттік кірістер органдарына деген сенімін нығайту маңызды бағыт ретінде белгіленді. Әкімшілік құқықбұзушылықтарды талдау Әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша жылдық қорытындылар шығарылып, жиі кездесетін қателіктер талданды және олардың алдын алу шаралары қарастырылды. Қызметтік тәртіпті нығайту, кәсібилікті арттыру және ашықтықты қамтамасыз ету — Департамент жұмысының басым бағыттары. Мұндай техникалық оқулар жүйені жетілдіруге және азаматтар мен бизнеске сапалы қызмет көрсетуге көмектеседі.