Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» бұйрығына 22.11.2025 жылғы № 330-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, сыра және сыра сусындарын міндетті таңбалаудың келесі мерзімдері белгіленгенің мәлімдейді:
• 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап– кегтерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау;
• 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап – бөтелкедегі сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау;
• 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап– банкілердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау.
Осыған байланысты нарыққа қатысушыларды (өндірушілер мен импорттаушыларды) көрсетілген мерзімдерге алдын ала дайындалып, қамтамасыз етуге, сондай-ақ міндетті кезеңге уақтылы көшу мақсатында таңбалау үдерістерін қолданыстағы бизнес-процестерге енгізуді бастауға шақырады.
Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге, сондай-ақ тіркеу, таңбалау кодтарын алу және техникалық қолдау мәселелеріне қатысты сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасындағы тауарларды таңбалау бойынша Бірыңғай операторына 8 800 080 65 65 нөмірі арқылы жүгінуге болады (қоңырау тегін).