Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру: 2026 жылға дайындық

Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру: 2026 жылға дайындық
2025 жылдың 27 қарашасында Департаментте жаңа Салық кодексіндегі негізгі жаңалықтар мен өзгерістер қаралған техникалық оқыту өткізілді . Оқыту жұмысын Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Бекмұхамедова Зарина Серімжанқызы жүргізді .
Кездесу барысында жаңа Кодекстің негізгі қағидалары жан-жақты түсіндірілді, оның ішінде:
корпоративтік табыс салығына қатысты өзгерістер ;
салықтық есептілікті оңтайландыру және цифрландыру ;
салық төлеушілерге жүктелетін жаңа міндеттемелер мен қарастырылған жеңілдіктер ;
әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету және ашықтықты арттыру ;
бизнеске түсетін жүктемені азайту және кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған шаралар .
Жаңа Салық кодексі экономиканың ашықтығын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған .
#СалықКодексі2025 #ТүсіндіруЖұмыстары #Департамент #СалықЖаңалықтары #Цифрландыру
#ҚОСТАНАЙМКД