ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ

ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ
2025 Ж. ҚАРАША АЙЫНА САЛЫҚТЫҚ КҮНТІЗБЕ 
‼ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ ‼ 
7 қараша: 
101.03 және 101.04 нысандары – 3-тоқсанға резиденттер мен бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталған КТС бойынша есептер; 
200.00 нысаны – 3-тоқсанға ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация; 
300.00 нысаны – 3-тоқсанға ҚҚС бойынша декларация; 
400.00 және 421.00 нысандары – қыркүйек айына акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп; 
570.00 нысаны – 3-тоқсанға экспортқа рента салығы бойынша декларация; 
590.00 нысаны – 3-тоқсанға пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация; 
710.00 нысаны – 3-тоқсанға ойын бизнесі салығы бойынша декларация; 
880.00 нысаны – 3-тоқсанға цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация; 
913.00 нысаны – 3-тоқсанға бөлшек салықтың АСР бойынша декларация. 
20 қараша: 
328.00 нысаны – қазан айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. 
‼ ТӨЛЕМДЕР ‼ 
20 қараша: 
Қазан айына ЕАЭО-да ҚҚC; 
Қазан айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда. 
25 қараша: 
Қараша айына КТС бойынша аванстық төлемдер; 
Қазан айында төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС; 
Қазан айында төленген табыстардан КТС, ЖТС; 
Қазан айына арнайы мобильді қосымшаны қолдана отырып АСР қолданатын ЖК табыстарынан ЖТС; 
3-тоқсанға бөлшек сауда салығының АСР қолданатын салық төлеушілерге КТС, ЖТС; 
3-тоқсанға ҚҚС, экспортқа ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, роялти, өндіру бонусы, ойын бизнесіне салық, цифрлық майнинг үшін төлем; 
Заңды тұлғалардың жер салығы және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер; 
Радиожиілік спектрін пайдалану, жер учаскелерін пайдалану, сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру үшін ағымдағы төлемдер; 
Қазан айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ. 
#МКДКОСТАНАЙ#ДГДКОСТАНАЙ #Салықтар #Налоги #Кеден #Таможня #Салықтық_күнтізбе #Налоговый_календарь