
Құрметті бухгалтерлер!
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бухгалтер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздердің еңбектеріңіз – еліміздің экономикасының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды тірек.
Есеп пен тәртіп, нақтылық пен жауапкершілік – сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің басты қағидалары.
Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, мол жетістіктер және жаңа биіктерге жетуді тілейміз!
Есеп-қисаптарыңыз әрдайым дәл, табыстарыңыз тұрақты болсын!
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
#БухгалтерКүні #ҚостанайДГД #Мемкірістердепартаменті #Құттықтау #Бухгалтерлер