Халық пен бизнес қауымдастығы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының өңірлерінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған көшпелі семинарлар басталды.
Мақсат – 2026 жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен қатысушыларды таныстыру, сондай-ақ оларды қолдануға қатысты практикалық ұсынымдар беру.