ЕАЭО-дан импортқа МББҚ қолдану қағидаларына өзгерістер
ЕАЭО аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жекелеген тауар түрлеріне сатып алу құнын анықтау мақсатында ең төмен бағалар деңгейін (МББҚ) қолдану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында өндірілетін және өндірілмейтін тауарларға ең төмен бағалар деңгейін есептеу үшін жеке формулаларды белгілеу қарастырылған.
Осы ретте, МББҚ қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесі екі бөлімге бөлінеді:
Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін тауарлар;
Қазақстан Республикасы аумағында өндірілмейтін тауарлар.
Сондай-ақ, МББҚ қолдану қағидалары 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін қолданыста болады деп белгіленді.
Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 8 қазандағы №288-НҚ бұйрығымен бекітіліп, 2025 жылғы 21 қазаннан бастап күшіне енеді.
t.me/prg_buh