Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

2025 жылғы 3 қазанда М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ базасында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.
Бүгінде мұндай іс-шараларға сұраныс жоғары, себебі жастарды жұмысқа орналастыру — маңызды әлеуметтік мәселе.
Студенттерге мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібі мен оның артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ үміткерлерге Департамент қызметі туралы ақпараттық буклеттер таратылды.
Департамент студенттермен тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.