2025 жылғы 1 қазанда 2024 жылға жеке тұлғалардан мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтардың жеңілдетілген санатын қоспағанда, меншік құқығында тұрғын үй жылжымайтын мүлігі бар азаматтар (тұрақ орындары, қоймалар, пәтерлер, үйлер, саяжайлар, гараждар, оларға іргелес жер учаскелері) мүлік салығын төлеушілер болып табылады.Жеке тұлғалар 2024 жылғы салық кезеңі үшін салық төлеуді объектілердің орналасқан жері бойынша бюджетке 01.10.2025 жылдан кешіктірмей жүргізеді. Салық төлеушілер төленбеген салық сомасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (http://www.kgd.gov.kz//) сайты арқылы, «электрондық сервистер»/ «жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер»/ «Мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін берешектің болуы (болмауы) және алдағы төлемдер туралы мәліметтер» бөлімінде, азаматтың ЖСН бойынша біле алады.Бұдан басқа, «Электрондық үкімет» (eGov.kz) порталында және «Kaspi bank» АҚ (Кaspi.kz) салық төлеушілерді хабардар ету мақсатында сондай-ақ жеке тұлғаларға дайын деректемелер бойынша бір мезгілде төлем жүргізу мүмкіндігімен төлем мерзімі басталғанға дейін салық сомасын қарау мүмкіндігін беру үшін алдағы төлемдер сервисі іске асырылды.Сонымен қатар, салықты уақтылы төлемеген жағдайда төлемді кешіктірген әрбір күн үшін өсімпұл есептелетінін хабарлаймыз. Туындаған мәселелер бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет, қызметкерлердің байланыс телефондары Мемлекеттік кірістер департаментінің интернет - сайтында орналастырылған.Қостанай қаласының салық төлеушілері 28-18-32, 28-17-01, 28-40-27, 28-00-89 телефондары бойынша ақпарат ала алады