Жаңа Салық кодексі бойынша семинарлар

Жаңа Салық кодексі бойынша семинарлар

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті РПП «Атамекенмен» бірлесіп жаңа Салық кодексімен енгізілетін өзгерістерге арналған семинарлар сериясын өткізуде. Кезекті семинар 2025 жылғы 16 қыркүйекте өтті. Іс-шараның тақырыбы — «Резидент еместерді салық салу». Спикер ретінде Асқар Ерденов сөз сөйледі.
Семинарда талқыланған мәселелер:
Резидент еместің ұғымы және төлем көзінен салық салынатын табыс түрлері.
ҚР резиденттерімен жұмыс істеген кезде резидент еместердің салық агенттері алдындағы міндеттемелері.
2026 жылдан бастап резидент еместер үшін өзгерістер:
Халықаралық салық салуда қолданылатын терминдер бойынша түзетулер енгізілді.
«Роялти» ұғымына енді бағдарламалық қамтамасыз етудің нұсқасын жаңарту қызметтері енгізілді. Ал қателер мен ақауларды жоюға байланысты, бағдарламаны жетілдіруге әкелмейтін қызметтер роялтиге жатпайды және салық салынбайды.
«Ноу-хау» ұғымы заңнамалық тұрғыда бекітіліп, рекрутингтік қызметтің анықтамасы берілді.
Резидент еместердің табыстарына салық салудағы өзгерістер:
2026 жылдан бастап ақпаратты өңдеу, жарнамалық, дизайндық және рекрутингтік қызметтер көрсетілген орнына қарамастан 20% мөлшерлемемен салық салынатын болады.
Дивидендтер мен шетелдіктердің еңбекақысына салық мөлшерлемелері:
Дивидендтер. Егер резидент емес заңды тұлғаның кемінде 25% капиталына иелік етсе, онда оның 230 000 АЕК шегіндегі табысына (2025 жылы – 904 360 000 теңге) 5% мөлшерлеме, ал одан асқан сомасына 15% мөлшерлеме қолданылады.
Еңбекақы. Резидент еместердің 8500 АЕК шегіндегі табысына (2025 жылы – 33 422 000 теңге) 10% мөлшерлеме, одан асқан сомасына 15% мөлшерлеме қолданылады.
Қарыздар бойынша сыйақы. Мөлшерлеме 15%-дан 10%-ға дейін төмендетілді.