Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғаларға – жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің иелеріне 2024 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі биылғы жылдың 1 қазанында аяқталатынын еске салады.
Салық мемлекеттік кірістер органдарымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және мүлікті меншік құқығында нақты иелену мерзімі негізінде есептеледі.
2025 жылғы 2 қазаннан бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарламалар жолданады.
Салықты e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы және екінші деңгейдегі банктер арқылы, «Электрондық үкімет» порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарында банк карталарының көмегімен төлеуге болады.